Ассамблея жұмысые еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үлдестіреді.
Ассамблея жұмысые еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үлдестіреді.
Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Біз Құрылтайдың Атыраудағы отырысында негізгі идеологиялық тұжырымдарды жинақтап, жүйелеп алдық.
Жалпыға ортақ құндылықтарды айқындадық.
Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық.
Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ.
Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік.
Сондай-ақ – Заң және Тәртіп.
Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік.
Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық.
Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз. Мұның бәрі халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтады», — деді Мемлекет басшысы.




